АҒАШ ЕГУ АКЦИЯСЫ ӨТТІ ?? Бүгін Нағи Ильясов атындағы №9 мектеп-гемназиясының ауласында «ГҮЛ ЕК, ТАЛ ЕК, ТУҒАН ЖЕРДІ ТҮЛЕТ!» атты көшеттер отырғызу акциясы өтті. "Атадан мал қалғанша тал қалсын" деген тәмсілді бойына сіңірген ұстаздар қауымы, мектеп директоры Абиев Батырбек Алтынбайұлынан бастап жас мамандарға дейін қолдарына күрек алып, тоңнан жібіген топырақты қопарып ағаштар егуде. Мектеп ауласы ғана емес, қаламыздың жасыл желекке орануына алдағы уақытта да атсалысуды қалайтын рухы биік ұжымдастарға сәттілік тілейміз! Әз -Наурыздағы тілегіміз- еліміз үнемі көктеп, көркейіп, гүлдене берсін дейміз!???