ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ? 11 наурызда бастау алған, Облыстық Гандбол бәсекесі бүгін мәреге жетті. Жарыс "Ұлттық мектеп лигасы " гандболдан 7-8 сынып (қыз балалар ) арасында өткізілген облыстық "Ұшқыр доп" іріктеу сайысында мектебіміздің командасы жүлделі 1-орынды иеленді. Айта кетейік облыстық сайыста 2 -орынды Шиелі ауданы, 3-орынды Қазалы ауданы місе тұтты. Мектебіміздің командасын жарысқа дайындаған жаттықтырушы, мектебіміздің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Пожемите Рута Иозапас. Мектебіміздің мерейін асырған командаға алдағы уақытта да толағай табыстар тілейміз!???