Тоғызқұмалақтан Ұлттық мектеп лигасы өз мәресіне жетті? Республика көлемінде ойнатылып жатқан Тоғызқұмалақ спорт түрінің қалалық кезеңі Нағи Ильясов атындағы №9 мектеп- гимназиясында өтті. 5-6 сынып оқушылары арасында өткен жарыста 1-орынды 144 мектеп, 2-орынды 23 мектеп, 3 орынды 211 мектептің оқушылары иеленді. Сондай ақ мектебіміздің 5-б сынып оқушысы Сайлау Айгерім "Ең үздік ойыншы" номинациясын жеңіп алды. Айгерімнің жетекшісі, дене тәрбиесі пәннің мұғалімі Абдыкалыков Руслан. Жеңімпаз оқушымыз бен оның жетекшісіне алдағы сынақтардан да тек сәттілікпен өтуіне тілектеспіз!