НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ? 25-наурыз күні Нағи Ильясов атындағы №9 мектеп- гимназияда " ҚОШ КЕЛДІҢ- ӘЗ НАУРЫЗ" тақырыбында мектеп ұжымына арналған мерекелік шара болып өтті. Шарада мектебіміздің өсіп өркендеуіне еңбегі сіңген ардагерлер қонақ болды. Мерекелік шараны мектеп - гимназия директоры Абиев Батырбек Алтынбекович ашып, ұжымды және қонақтарды Ұлыстың Ұлы күнімен құттықтады. Сондай ақ мерекелік шарада мектептің ардагер ұстаздары мен қызметкерлеріне ұжымдағы өнерлі әріптестер дайындаған концерттік бағдарлама көрсетіп, соңында ұлттық мейрамның басты асы-Наурыз көжеге арналған мерекелік дастарханға отырды. Мерекелік концерт мен дастарханға дән риза болған ардагерлеріміз Наурыздағы ақ тілектерін ұжым мен мектеп басшылығына жаудырды. Көңілді кеште әріптестер бір- біріне ыстық ықыластарын білдіріп жатты????