«ҚҰСТАР ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ» Бүгін қалалық білім бөлімі, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы, акционерлік қоғамының филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті мен Нағи Ильясов атындағы №9 мектеп – гимназиясында 1-сәуір Халықаралық құстар күніне орай «Құстар әлеміне саяхат» тақырыбында аймақтық мектептер арасындағы ғылыми жоба сайысы өткізілді. Ғылыми жоба сайысының мақсаты: Бәсекеге қабілетті, көп тілді меңгерген, озық ойлы, көшбасшылық қабілетке ие, білімді, дарынды оқушыны анықтау. Іс-шара мектеп ауласындағы құстар саябағының салтанатты ашылуымен бастау алды.«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы, акционерлік қоғамының филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты директоры Елеусінов Бауыржан Тәжмағанбетұлы мен Орда колледжінің доценті, дизайнер Жүсіпов Аппаз Қожахметұлы ашты. Мектеп - гимназияның қосымша білім беру бойынша шығармашыл және зерттеушілік әрекеттер негізінде кәсіпкерлікті жетілдіру мақсатында жасалынған оқушылардың көрсетілімі мен ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың шеберлік сыныбыда мектеп ауласында көрсетілді. «STEM» зертханалық кабинетінің «Құстар» тақырыбындағы зерттеу жұмыстары көрініс тапты. Іс-шара соңында аймақтық мектептер арасындағы оқушылар арасында «Құстар әлеміне саяхат» тақырыбындағы ғылыми жобалар сайысымен қорытындыланды. Оқушылар ғылыми жоба арқылы құстарды білуге, зерттеуге, насихаттауға, құстарды қорғауға шақырды. Ғылыми жобаға әділ-қазылық еткен қалалық білім бөлімінің әдіскері Амантаев Нұрқанат, Саябақты «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы, акционерлік қоғамының филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының Курстан кейінгі қолдау жане әдістемелік сүйемелдеу зертханасының әдіскері Лапбаева Акмарал және Қорқыт Ата атындағы ҚМУ «Жаратылыстану» факультетінің аға оқытушысы, биология ғылымдарының кандидаты Берденкулова Алма Жеткербайқызы. Ғылыми жоба бойынша І орынды №222 мектептің 8 сынып оқушысы Қалжан Табиғат, Жетекшісі: Іздікова Рауа Болатбекқызы ІІ орынды №9 мектеп – гимназиясының 7 сынып оқушысы Қанатқызы Надира, Жетекшісі: Дәуренқызы Салтанат ІІ орынды № 136 мектеп – лицейінің 8 сынып оқушысы Еркінқызы Хадия, Жетекшісі: Раманкулова Айгерім ІІІ орынды №253 мектептің 7 сынып оқушысы Қуанышқызы Жібек, Жетекшісі: Оспанова Гүлжазира ІІІ орынды №5 мектеп – лицейінің 7 сынып оқушысы Бұланбай Аруназ, Жетекшісі: Әлиасқар Гулжазира «Жас ғалым» номинациясын №23 мектеп – лицейдің 7 сынып оқушысы Бекболатқызы Інжу иеленді. Жетекшісі: Ильясова Эльмира. «Жас дарын» номинациясын №212 мектеп – гимназиясының 7 сынып оқушысы Сүлеймен Жақсылық иеленді. Жетекшісі: Тулекова Айшолпан «Ең креативті жоба» номинациясын №144 мектептің 8 сынып оқушысы Қалдан Айқаным иеленді. Жетекшісі: Ысқақова Эльвира «Алғыс хатпен» №23 мектептің 8 сынып оқушысы Әміралиев Темірлан иеленді. Жетекшісі: Амантаева Айсұлу Жеңімпаздарды құттықтай отырып, алдағы уақытта да ғылым шыңынан көріне беріңіздер демекпіз!