2-Сәуір, көктемнің жайма шуақ күні Нағи Ильясов атындағы №9 мектеп-гимназиясының ауласында ағаш егуі және тазалық жұмыстары жүргізілді. Жер тоңы жібіп, алғашқы көк дүркіреп шыға бастаған кезде тал отырғызу – сауапты іс екенін білетін әр қызметкер мен оқушы шараға атсалысты. Қазақ тілі, Орыс тілі, Математика, Информатика, Ағылшын тілі, Өнер және Тарих пәні бірлестіктері мұғалімдері, сынып жетекшілер мен оқушылар әрбір ағаштың бабын келістірсе, бір-екі жылда жапырағы жайқалған дараққа айналып, жазда сая, қыста қамсау болатынын жақсы біледі. Қоршаған ортаны аялау, жан-жануарларға қорған болу, экологияны жақсартуға бағытталған жобаларды жасауға мектептің “Жас Ұлан" ұйымы, “Мектеп парламенті” мүшелері де үздіксіз үлес қосады, осы мақсатта олар өз аттарынан жас шыбықтарды отырғызды. Білім ордасының ауласын жасыл желекке айналдыра отырып, "аймақ экологиясының жақсаруына сүбелі үлес қоса береміз дейді" ұландар.