6 сәуір күні N:9 Нағи Ильясов атындағы мектеп- гимназияның жоғары сынып оқушыларымен "Әділдік жолы" Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облысы бойынша филиалының басшысы Бақтыбаева Ләззат Шайзадақызымен кездесу өтті. Кездесудің негізгі мақсаты- білім саласындағы жемқорлық пен сыбайластықты болдырмау, әсіресе мектеп түлектерін ҰБТ тапсыруда жоғары балл алып беруге уәде беріп, ақша талап ететін алаяқтардан сақтануға шақырды. Айта кету керек, ҰБТ мектеп бітіруші түлектері үшін өміріндегі маңызды кезең, сол толқу сәттерінде тура, адал, таза жолды таңдауға берілген бағыттар мен жұмыстар аса қажет екені белгілі Оқушылармен сұқбат жемісті болды.