✨Көктемгі демалысы кезінде оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және арнаулы қабілеттерін дамыту мақсатында "Біртұтас тәрбие бағдарламасының" жоспарына сәйкес, "Танымдық күні" аясында 28 наурыз күні Нағи Ильясов атындағы 9 мектеп - гимназиясының 7 - сынып оқушылары сынып жетекшілерімен бірге Қызылорда қаласының тарихи мұражайына экскурсия жасады.
✨Экскурсия мақсаты: оқушылардың туған жер тарихына деген қызығушылығын арттыру, тарихи - мәдени мұралармен таныстырып, патриоттық сезімдерін қалыптастыру, өлкенің өткенін зерттеу арқылы танымдық көкжиегін кеңейту.
✨Экскурсия барысында мұражай қызметкерлері оқушыларды Қызылорда облысының тарихи - мәдени жәдігерлерімен таныстырды. Оқушылар ежелгі және ортағасырлық кезеңдерге қатысты құнды экспонаттарды тамашалады. Сұрақ - жауап арқылы тарихи деректерге қызығушылық танытып, өз білімдерін толықтырды.
✨Экскурсия оқушылар үшін қызықты әрі танымдық тұрғыда маңызды өтті. Олар аймақтың тарихи құндылықтары туралы жаңа мағлұмат алып, тарихи мұраларға құрметпен қарауға үйренді. Оқушылар алған әсерлерімен бөлісіп, өз пікірлерін білдірді.