🎬"Біртұтас тәрбие бағдарламасы" аясында «КИНО КҮНІНЕ» орай «Қазақфильм» киностудиясының алтын қорындағы балалар кинофильмдері көрсетілімі
🎞️Көктемгі демалыс кезінде оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және арнаулы қабілеттерін дамыту мақсатында "Біртұтас тәрбие бағдарламасының" жоспарына сәйкес, "Кино күні" аясында 28 наурыз күні Нағи Ильясов атындағы 9 мектеп - гимназиясының 5 - сынып оқушылары сынып жетекшілерімен бірге балаларға арналған қазақ киносының үздік туындыларын насихаттау, ұлттық мәдениетті дәріптеу, өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру және қазақ киноөнерінің бай мұрасымен таныстыру мақсатында «Қазақфильм» киностудиясының алтын қорынан «Менің атым - Қожа - 2», «Болмаған балалық шақ», «Балалық шағымның аспаны» кинофильмдерін тамашалап қайтты.
🎞️Бұл шара арқылы балалар қазақ киносының классикалық және заманауи туындыларымен танысып, ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттырады.