🌳15 - Наурыз күні Нағи Ильясов атындағы №9 мектеп - гимназиясында Көктемнің жайма шуақ күнінде аула ішінде сенбілік жұмыстары жүргізілді. Осы орайда мектеп директоры Ибраев Бекзат Сағыңдықұлының бастауымен мектеп әкімшілігі мен мұғалімдері бірлесіп және оқушылар 60 түп ағаш отырғызып, сонымен қатар ауланы тазалау жұмыстарын жүргізді.

🌳Туған өлкемізді жасыл желекке айналдыруға әрбір азамат үлес қосуы керек. Осы тұрғыда алдағы уақытта да сенбілік жұмыстары жалғасын таба бермек.