"Тіл – ұлттың жаны, әдебиет – рухтың айнасы"
Нағи Ильясов атындағы №9 мектеп-гимназиясында өткен тіл апталығы ерекше рухани әсер сыйлады. Апталықтың алғашқы күні Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай өзге ұлт өкілдері арасында өткен сайыспен басталды. Бұл шара – еліміздегі бірлік пен татулықтың айқын көрінісі.
Бірлік – біздің байлығымыз!
373 өзге ұлт оқушылары білім алып жатқан гимназиямыз – көпұлтты достықтың алтын бесігі. Орыс, кәріс, молдован, татар, шешен, әзербайжан, өзбек, армян, башқұрт, украин, ұйғыр және өзге де ұлт өкілдері ортақ шаңырақ астында білім алып, бір-бірінің мәдениеті мен дәстүрін құрметтейді.
Өнер – ұлттың үнсіз тілі!
9 "Б" сынып оқушылары әртүрлі ұлттардың ұлттық билерін шебер орындап, көрермендерді тәнті етті. Бұл би қойылымдары арқылы оқушылар өзара сыйластық пен достықтың қаншалықты маңызды екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Осы жоғары деңгейде өткен іс-шараны ұйымдастырған қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің еңбегі зор. Олар оқушыларға тек білім ғана емес, рухани байлық та сыйлай білді.
Тіл апталығы – көпұлтты мектептің жүрегіндегі мәңгілік үн!
Осындай тағылымды шаралар арқылы біз бірлігімізді нығайтып, тіліміз бен әдебиетімізді қадірлеуді жалғастырамыз.
https://9sh-gimnziya-edu.testim.kz/kz/zhanaly-tar/471-til-ltty-zhany-debiet-rukhty-ajnasy.html#sigFreeId0a223ab306






