Түнгі қаладағы балалар
Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімі қалалық полиция басқармасының №30 - 202/1323 санды хатына сәйкес, кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылық пен қылмыстылықты алдын алу мақсатында 30 қаңтар мен 2 ақпан күндері аралығында "Түнгі қаладағы балалар" атты жедел профилактикалық іс - шарасына орай Нағи Ильясов атындағы №9 мектеп - гимназиясының мұғалімдері учаскелік полициямен бірігіп кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау мақсатында кезекті түнгі рейд жұмыстарын жүргізді. Рейд барысында тәртіпсіздік немесе құқық бұзушылық орын алмады.






