"Start up - 2025" сынып жетекшілер сайысы

Нағи Ильясов атындағы № 9 мектеп - гимназиясында тәрбие жұмысын жандандыру, шығармашыл жетекшілерді анықтау және сынып жетекшілердің өзара тәжірибе алмасуына ықпал жасау, үздік сынып жетекшіні анықтау мақсатында "Start up - 2025" сынып жетекшілер сайысы ұйымдастырылды. Сайысты мектеп - гимназия директоры Б.Ибраев ашып, қатысушыларға сәттілік тілеп, жылы лебізін білдірді. Әр қатысушы ортаға өзінің жаңа педагогикалық идеясын ұсынып, үш кезеңнен тұратын сайыста бақ сынасып, өз шеберліктерін көрсете білді.

Сайыс қорытындысы бойынша бас жүлдеге ие болып, Жалмағамбетова Нұрсәуле Қосымбайқызы үздік сынып жетекші атанды. Пожемитие Рута - 1орын, Сатбаева Ақерке - 2 орын, Садыкова Эльмира - 2 орын , Хайрулла Сапар - 3 орын, Батырбаева Айкен - 3 орын, Данабекқызы Айзада - 3 орын, Байсугулова Азиза және Қаймақбаева Лаура Алғыс хат және сыйлықтармен марапатталды.

Барлық қатысушыларды жеңістерімен құттықтаймыз