Түнгі қаладағы балалар
Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімі қалалық полиция басқармасының № 30 - 202/1323 санды хатына сәйкес, кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылық пен қылмыстылықты алдын алу мақсатында 30 қаңтар мен 2 ақпан күндері аралығында "Түнгі қаладағы балалар" атты жедел профилактикалық іс - шарасына орай Нағи Ильясов атындағы № 9 мектеп - гимназиясының директоры Бекзат Сағындықұлы Ибраев ұжымға және 8 - 11 сынып оқушыларына кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау, құқық бұзушылыққа бейім оқушылармен және олардың ата-аналарымен үнемі тығыз байланыста болу, түнгі мезгілде заңды өкілінсіз көшеде жүрмеуін қадағалау жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Түнгі мезгілде орын алатын қылмыстардың алдын алу үшін учаскелік инспектор ҚПБ ЖПҚб УПИ - ры полиция майоры Н.Осипов және мектеп - гимназия мұғалімдерінен құралған кезекшілік бекітіліп, түнгі рейд жұмыстары жүргізілуде.
https://9sh-gimnziya-edu.testim.kz/kz/zhanaly-tar/457-t-ngi-alada-y-balalar-atty-zhedel-profilaktikaly-is-sharasy.html#sigFreeId38a99d88a8






