11 - сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру кездесуі
28 қаңтар күні Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің өкілдері мектеп бітіруші 11 - сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Бұл кездесудің басты мақсаты - түлектерге медициналық мамандықтар туралы толық ақпарат беру, университетке түсу талаптарымен таныстыру және болашақ мамандықтарын таңдауда бағыт - бағдар көрсету.
Кездесу барысында:
- Оқушылар университет жайлы танымдық слайдтар мен видеороликтерді тамашалады;
- Университет өкілдері оқуға түсу шарттары, мамандықтар және студенттік өмір жайлы маңызды ақпараттармен бөлісті;
- Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.
Бұл кездесу оқушыларға болашақ мамандықтарын таңдауда үлкен көмек болды. Денсаулық сақтау саласында қызмет етуді армандайтын түлектер үшін университет өкілдерінен алған ақпарат құнды әрі пайдалы болды!
Кездесудің қызықты сәттері мен маңызды мәліметтерді біздің парақшадан қарап, болашаққа бірге қадам жасайық!
https://9sh-gimnziya-edu.testim.kz/kz/zhanaly-tar/448-11-synyp-o-ushylaryna-k-siptik-ba-dar-beru-kezdesui.html#sigFreeIdd68f9cdd15






