16.11.2024 жылы Нағи Ильясов атындағы №9 мектеп - гимназиясында жалпы ата - аналар жиналысы өткізілді. Жиналысты мектеп - гимназия директоры Ибраев Бекзат Сағындықұлы бастап, ата - аналарға оқу тоқсанындағы ерекшеліктер мен өзгерістер туралы және мектептің ішкі тәртіп ережелері жайлы егжей - тегжейлі түсіндіріп өтті.
Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу, жол қауіпсіздік, өмір қауіпсіздік ережелерін сақтау, оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру жөнінде айтылды және күн тәртібіндегі басқа да мәселелер қамтылды.
Жиналысқа келген ата - аналар жаңалықтардан хабардар болып, өз ойларындағы бірнеше сұрақтарының жауабын алды.