МЕКТЕП АСХАНАСЫНДАҒЫ ТАМАҚТАНДЫРУ САПАСЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
Н.Ильясов атындағы № 9 мектеп-гимназиясында қыркүйектің 2 –сі күні тегін және жеңілдетілген тамақты ұйымдастыру және тамақтандырудың сапасын тексеру мақсатында құрылған комиссия мүшелері асхана жұмысына мониторинг жүргізді.
Мониторинг мақсаты:асханадағы ас мәзірімен танысу және ондағы тағамдардың сапасын тексеріп бақылау. Асханадағы тамақ даярлау орындарын және шикізат сақтау қоймаларын көру және ондағы өнімдердің пайдаланудағы уақыт мерзімін тексеру, асханадағы тамақтану орындары мен ыдыс-аяқтардың жеткіліктілігін анықтау.
Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссияның міндеттері:
- ас блогындағы, асханадағы жұмыстың ұйымдастырылуын;
- тамақ өнімдерінің сапасын, оларды тасымалдау, жеткізу, түсіру, сақтау шарттарын;
- өнімдерді өткізу мерзімдерін;
- тамақ дайындау сапасын;
- тамақтың балалардың негізгі тағамдық заттарға физиологиялық қажеттіліктеріне сәйкестігін;
- ас блогы қызметкерлерінің жеке гигиена ережелерін сақтауын бақылау болып табылады.
Мониторинг нәтижесінде оқушылардың тамақтануына жағдай жасалынған, тамақтану залы санитарлық-гигиеналық талаптарға сай. Бекітілген мәзір бойынша дайын тағамдардың дұрыс салынуы мен дайын ас шығымы өз деңгейінде. Тәуліктік сынама алу мен сақталу қамтамасыз етілген.
“Бала денсаулығы- ұлтымыздың таптырмас байлығы, болашағы”, дені сау ұрпақ тәрбиелеу мектеп ұжымы және комиссия құрамы үшін басты назарда.
https://9sh-gimnziya-edu.testim.kz/kz/zhanaly-tar/298-mektep-askhanasynda-y-tama-tandyru-sapasyna-monitoring-zh-rgizildi.html#sigFreeId64332be2ce






