Кез келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады. Елдің ертеңгі сенімі де жастардың мойнында. Оқушылар арасында қазіргі таңда зерттеу іс-әрекетіне қызығушылық артып келе жатыр. Мектеп – гимназиясында ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын оқушыларымыз баршылық. Биылғы оқу жылында Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық ғылыми жобалар конкурысының облыстық кезеңінде мектебіміздің бітіруші түлектері Сагидуллаева Алима мен Лигай Су-Ен жүлделі ІІ орын иеленді. Республикалық кезеңнен «Алғыс хатпен» марапатталды. Топтық жобаның тақырыбы: Эффективное использование безотходной технологии изготовления изделий с целью предотвращения глобального изменения климата. Жетекшісі мектебіміздің «Көркем еңбек және кәсіпкерлік» пәні мұғалімі, педагог-шебер Шайхсламова Сауле. Ғылыми жетекшісі: «Қазақстан дизайнерлер одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда филлианының директоры, «Альянс коммерцияландыру мамандары технологиялар» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Сәндік – қолданбалы өнер» кафедрасының доценті, техника ғылымдарының кандидаты Л.К.Шильдебаева.