Бүгін Н.Ильясов атындағы №9 мектеп – гимназиясында «Қауіпсіз интернет» апталығының жұмыс жоспарына сәйкес 9-10 сынып оқушылары арасында «Интернеттің пайдасы мен зияны» тақырыбында дебат өтілді. Мақсаты: Дебат туралы мәлімет беру, шартымен, тәртібімен таныстыру. Бүкіләлемдік өрмек – интернетке байланысты оқушылардың алған білімдерін нығайту, тиянақтау. Оқушылардың интернет, ұялы телефон туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, оқушылардың ой-өрісін, тіл байлығын, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сонымен қатар оқушыларды өз ойларын тиянақты жете айта біліп, сахнада өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстауды ескеріп, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу.
https://9sh-gimnziya-edu.testim.kz/kz/zhanaly-tar/146-internetti-pajdasy-men-ziyany-ta-yrybynda-debat-tildi.html#sigFreeId02643f9d7e






