Н.Ильясов атындағы №9 мектеп – гимназиясында «Қауіпсіз интернет» апталық іс-шарасы бойынша 7 – 8 сынып оқушылары арасында «Интернет менің өмірімде» эссе байқауы өткізілді. 7 – 8 сынып оқушылары байқауға белсене қатысып, нәтижесінде 7 «Ә» сынып оқушысы Мейрамбекұлы Сұңқар І орынды иеленді. ІІ орынды Нағмет Перизат пен Серікбай Әділет иеленсе, ІІІ орынды Калугин Максим мен Абдуллаева Артур. Жеңімпаздарды құттықтаймыз.