Алғыс білдіреміз 


Құрметті ТОО "Дос Инжиниринг" басшысы Уттев Мұрат Жақсылыкович!
Нағи Ильясов атындағы №9 мектеп-гимназия әкімшілігі сізге және сіз басқарып отырған ұжымға шын жүректен алғыс білдіреміз.
Себебі: мектеп жасындағы оқушылардың "ЭКО әлем " бағдарламасын жүзеге асыру, экологиялық жағдайлардың алдын-алу мақсатында, сіздің тікелей қолдауыңызбен мектеп-гимназия жанына құстар саябағының іргетасы қаланды.
Бұл игі ісіңіз еліміздің рухани жаңғыру бағдарламасын қолдау деп тануға болады.
Жоғары бастау алған әріптестігіміз болашақта үлкен жетістіктерге толы болатындығына зор сенім білдіреміз.
Алдағы уақытта жауапкершілігі жоғары қызметіңізге жетістіктер, еңбегіңізге толағай табыс, деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілейміз.
Ізгі ниетпен: №9 мектеп-гимназия ұжымы
View the embedded image gallery online at:
https://9sh-gimnziya-edu.testim.kz/kz/zhanaly-tar/132-rmetti-too-dos-inzhiniring-basshysy-uttev-m-rat-zha-sylykovich.html#sigFreeId0975a5094d
https://9sh-gimnziya-edu.testim.kz/kz/zhanaly-tar/132-rmetti-too-dos-inzhiniring-basshysy-uttev-m-rat-zha-sylykovich.html#sigFreeId0975a5094d






