"Жас эрудит-2021" интелектуалды сайыс ??Қалалық білім бөлімі және Нағи Ильясов атындағы №9 мектеп-гимназиясының ұйымдастыруымен көп тілді меңгерген, озық ойлы, көшбасшылық қабілетке ие, дарынды оқушыны анықтау мақсатында жаратылыстану пәндері (химия,биология,география,физика,информатика,математика) бойынша 2021 жылдың желтоқсан айының 11 күні «Жас эрудит -2021» тақырыбында аймақтық мектептер (1,5,6,8,9,23,136,211,10,173,212,112,253,120,222,144) арасындағы интеллектуалды сайыс өткізді. ??Аталған сайысқа 10 сынып оқушылары қатысып, өз қабілеттерін жан-жақты сынады. «Жас эрудит -2021» интеллектуалды сайысқа қазылық етуге арнайы қонақ ретінде Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Информатика және АКТ кафедрасының» меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты Тілеубай Сарсен Шайкамалқызы, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша ПҚБАИ аға оқытушысы Орманов Оразбай Айтбайұлы, Жастар ресурстық орталығы директордың міндетін атқарушы Пірназаров Нұржұман Пірназарұлы шақырылды. ??Бағдарлама аясында мектеп-гимназиясына қарасты Құстар саябағының жоспарланып жатқан жұмыстарына шолу жасалды. Саябақта сирек кездесетін құстар, атап айтқанда павлин, қырғауылдың бірнеше түрлерімен таныстырылды. Аталған Құстар саябағының ашылуы сәуір айына жоспарланып отыр. ?? Бағдарлама барысы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай №9 мектеп-гимназиясының 5-7 сынып оқушыларынан құралған хор ұжымының орындауындағы патриоттық әндерімен жалғасты. Сонымен қатар, оқушылардың шығармашылық жұмыстарынан көрме ұйымдастырылып, «STEM» кабинетінде информатика пәні мұғалімдерінің оқушылармен жүргізіліп жатқан жұмыс бағыттары назарға ұсынылды. ???«Жас эрудит -2021» интеллектуалды сайыстың қорытындысы бойынша: ???Бас жүлде - №253 орта мектептің оқушысы Өмірзақ Талшын ??І орын - №9 мектеп-гимназия оқушысы Жетпіс Әдемі ??ІІ орын –№ 222 орта мектеп оқушысы Бергембек Аида ??ІІІ орын - №23 мектеп-лицей оқушысы Көшербек Тоғжан ??«Жас Дарын» номинациясымен - №212 мектеп-гимназия оқушысы Талғатұлы Бақдаулет ??«Үздік полиглот» номинациясымен - №8 орта мектеп оқушысы Сәдуақас Шакизада ??«Озық ойлы оқушы» номинациясымен №211 орта мектеп оқушысы Абдиразакова Айдана ??«Жас интеллектуал» номинациясымен №136 мектеп-лицей оқушысы Садықбекова Аружан марапатталды.