"Елімнің еркіндігі Тәуелсіздік" ??Нағи Ильясов атындағы №9 мектеп-гимназиясының бастауыш кәсіподақ ұйымының ұйымдастырумен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "Елімнің еркіндігі Тәуелсіздік" атты пән бірлестіктері арасында патриоттық ән фестивалі өтілді. Әрбір бірлестік өнерлерін ортаға салып, көрермін ықыласына бөленген пән бірлестік мұғалімдерінен құралған хор ұжымы мектеп-гимназия директоры Б.А. Абиевтың "Алғыс хатымен" және кәсіподақ ұйымының арнайы сыйақысымен марапатталды. Сонымен қатар ардагер ұстаздарымыз ән кешінің құрметті қонағы болып, әділ шешімдерін шығарды. Барлық пән бірлестіктері мектеп басшысының арнайы және кәсіподақ ұйымының "Дипломмен" марапатталып, сыйақы табысталды. Тәуелсіздігімізбен тұспа тұс келген 30 жасқа келген ұстаздар және шаңырақ көтергендеріне 30 жыл болған ұстаздар, 30 жыл еңбек өтілі бар мектеп қызметкерлері сыйлықтармен марапатталды.