Наги Ильясов атындағы N9 мектеп-гимназиясында "Қорқыт" дебат клубының жетекшісі Баймбетов Нұрлыбек ұйымдастыруымен Апф форматында пікірсайыс (дебат) өткізілді. Жас дебатерларға үлкен тәжірибе болған бұл сайыс-олардың ойлау қабілеті мен сөз саптауының даму мақсатында ұйымдастырылды. Пікірсайысқа 9-10 сынып арасынан 2 фракция,(Ақиқат айнасы,Нағи Ильясов жастары) қатысып,белсене атсалысқан болатын.Ойында ортаға салынған тақырып толықтай ашылды. Қарарлар: Қазақстандағы ланкестік әрекеттерді болдырмаудың тиімді механизмін ұсынады. Жекеменшік мектептерді мемлекеттік мектептерден артық деп санайды. Жастар арасында кітап оқу деңгейін арттырудың тиімді механизмін ұсынады. Қарарлардың ортаға салынуының басты мақсаты-жастардың бойындағы рухты арттырып,патриоттық сезімін дамыту болатын.