Интернеттің пайдасы және зияны! Н.Ильясов атындағы №9 мектеп-гимназияда онлайн форматта оқушыларға​ ​ ​ ​ ​ Интернеттің пайдасы және зиянды жақтары бойынша ақпарат беру, инфографика, постерлр пайдалануға баулу және пайдалы ғылыми, тәрбиелік материалдар алуды, сондай ақ интернет желісін қауіпсіз пайдалануды үйрету мақсатында сынып сағаттары өткізілді. Интернет желісінде балалардың суицидтік және құқыққа қайшы мазмұндағы топтар мен ойындарға ​ қатысудың зиянды жақтары, тыйым салынған интернет-сайттардың қызметі туралы құқық қорғау органдарына уақытылы хабарлау, заңсыз контенттерге кірудің зияны мен салдарлары туралы, олармен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Слайдтар мен бейнероликтер көрсетілді. ​ ​ ​ ​ Сынып сағатының мақсаты: Оқушылар арасында интернет желісі арқылы бала психикасына әсер ететін түрлі ойындармен, келеңсіз ақпараттардың орын алуына жол бермеу. Балалар қауіпсіздігінің алдын алу.