"Мұқағали-менің мақтанышым" Нағи Ильясов атындағы №9 мектеп-гимназиясында құрылған,,Лингвистикалық топтың"ұйымдастыруымен Мұқағали Мақатаевқа арналған ,,Мұқағали-менің мақтанышым" атты танымдық кеш өткізілді.Білім ордасында мектеп басшысы Батыр Алтынбайұлы Абиевтің басшылығымен жаңа заманға сай кітапхана бөлмесі жабдықталған болатын.Іс-шара осы көркем де жарық,әсем орында өткізілді.Мұқағали Мақатевқа арналған бұл кеште оқушылар ақын өлеңдерін жатқа оқудан жас ерекшеліктері бойынша сайысқа түсті. Кешті Қорқыт Ата атындағы университетінің машықтанушы студенттері жүргізді.Қонақ ретінде әдіскер ұстаз Г.Шанжарханқызы қатысты.Оқушылар мәнерлеп оқуда өз шеберліктерімен сынға түсіп,оларға жүлделі орындар мен ,,Алғыс хаттар" берілді. Кешке арналған қорытынды сөзде № 9 мектеп-гимназиясы мектеп директорының оқу ісі жөніндегі меңгерушісі Э.Садықова,рақмет айтып,жақсы баға берді.Кештің екінші бөлімінде оқушыларға танымдық- викториналық сұрақтар қойылды оқушылар ақын өмірі мен шығармашылығы бойынша әр түрлі сұрақтарға жауап беріп, сыйлықтар алды.Кеш барысында оқушылар күмбірлеген күй,әсем ән орындады. Мұқағали ақынның шығарма жинақтарымен танысты.Ақиық ақынның өлеңдерін жатқа оқып,өмірін танып білген әрбір оқушының бойында қазақ өнеріне деген үлкен құрмет пен мақтаныш сезімі орнады.