Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері Нағи Ильясов атындағы N:9 мектеп-гемназиясының 5-6 сынып оқушыларына ашық есік күнін өткізді. Өрт сөндіру қызметкерлері оқушыларға төтенше жағдайлардың, суға ағып кетпеу, өртті болдырмау т.б. қауіпті жағдайларды болдырмау және алдын- алу бойынша түсіндірме жүргізді. Оған мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Садыкова Эльмира, Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Байымбетов Нұрлыбек ,мектеп тәлімгері Бақыт Ғайни қатысып, шараның адам өмірі үшін маңызын жоғары бағалады. Сондай ақ, жас өрендер арасында адам өмірін төтенше жағдайлардан сақтау бойынша сурет көрмесі өтті.Нәтижесінде оқушыларымыз жүлделі орындарды иеленіп алғыс хаттармен марапатталды!