Бүгін Нағи Ильясов атындағы N°9-мектеп гимназиясында " Қазақ жеріне, дархан еліне мың тағзым " тақырыбында 1-Наурыз Алғыс айту күніне арналған әдеби музыкалық кеш болып өтті. Аталған кеште өзге-ұлт балалары "Ұлы дала халқына - Мың Алғыс! " айдарымен қиын-қыстау кезендердегі тағдыр тәлкегінде қалған басқа ұлт пен ұлыс өкілдерімен соңғы нанын бөліскен Қазақ халқына өздерінің ризашылығын білдірді. 1. Рахмет, Саған Дархан даланың мейірімді Қазақ халқы, бейбітшілік пен татулыққа, бүгінгі күнге мың Алғыс! 2. Спасибо ,тебе добродушный народ Великой казахской степи,за помощ, оказанную в годы репрессий и депортаций. 3.Репрессия, депортация, соғыс жылдарында біздермен бөліскен жылы жайыңа, бір үзім нан мен мейірімді, кеңпейіл ақ жүрегің үшін мың Алғыс саған Қазақ халқы! 4 . Блогодарю тебя за добродушие и милосердие, за готовность делится всем, что у тебя есть. Низкий тебе поклон, Великий народ казахов! Сондай-ақ мектептің техникалық кіші қызметкерлеріне алғыс білдірілді. Аталған шараның өскелең ұрпаққа берер тағылымы мол. Олардың бойында басқа ұлт пен ұлыс өкілдеріне құрмет пен сыйластық қалыптастыруда тәрбиелік мәні зор шара болды.