03.03.2022 - күні мектепте 8-11 сыныптар аралығындағы оқушыларға құқық бұзушылықтың алдын алу және түсіндірме жұмыстары бойынша шара өтті. Шарада кәмелетке толмағандармен орын алатын қылмыстық құқық бұзушылықтар, оларға қарсы жасалған қылмыстар жайлы айтылды. Бүгінгі күнде кәмелетке толмағандар арасында жиі кездесетін жағдайлар, яғни ерте жүктілік, спирттік ішімдікке әуестігі, т.б. жағдайлардың өкінішке әкеп жататындығы ескертілді. Сондай ақ жаман әдеттерден қорғалу жағдайлары мен алгоритмдері (кімге хабарлау керек, қалай ата-анасына айту керек т.б.) түсіндірілді. Бұл түсіндірулерді Қызылорда қаласы прокуратурасының аға прокуроры Сұлтамұратова Айжан Сұлтамұратқызы, Облыстық жастар денсаулығы орталығының психолог маманы Жолаханаова Келбет Куншыгаркызы, Қызылорда Қалалық полиция басқармасы Ювеналды полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Арынғазы Арыстанбек жүргізді. Шараға мектеп - гимназиясының директорының орынбасарлары мен мектептің педагог-психологтары, менеджер және 8-11 сынып оқушылары қатысты.