Ұлы ағартушы - педагог Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығына арналған "Ұлыдан ұлағат алған ұрпақ" тақырыбында өткен аймақтық білім сайысында мектебіміздің оқушыларынан құралған команда "Алғыс хатпен" марапатталды. Осы сайыста мектебіміздің үздік оқушысы Дастан Нұрдәулет І дәрежелі "Диплом" иеленгенін мақтанышпен айтамыз. Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, жеңімпаздарды дайындаған жетекші Күздеубаева Алия. Жеңімпаздарды құттықтай отырып білім белестерін әрі қарай бағындыра берулеріне тілектестік білдіреміз!