05.03.2022 күні Қызылорда қаласындағы «№9 Нағи Ильясов атындағы мектеп- гимназиясында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Ардақты ана, аяулы ана қымбаттым» атты мерекелік іс-шара болып өтті. Шараның мақсаты- АНА жайлы қанатты сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ҰСТАЗ-АНАЛАР мен мектеп қыздарын мерекемен құттықтау, АНА деген ұлының алтыннан да қымбат, қадірлі жан екенін дәріптеу. Мерекелік шараны оқу-тәрбие ісі жөніндегі мектеп директорының орынбасары Байымбетов Н.А. құттықтау сөзімен ашып берді. Сондай ақ, оқушылар ән шашуларын жолдап, өнерлерін көрсетті. Аналарымыз, аяулы қыздарымыз бұл құрметке қуанып алғыстарын білдірді. ???