ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Мектебіміздің орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Амандықова Гүлнар Балхашқызы 8-Наурыз әйелдер мерекесіне орай қала әкімінің АЛҒЫС ХАТЫМЕН марапатталды.
Алғыс хатта "білім саласының дамуына елеулі үлес қосып, жас өрендерге білім мен өнегелі тәрбие бергені үшін" деп жазылған.
Бізде әріптесіміз Гүлнар Балхашқызының толымды еңбегіне толағай табыстар, отбасына амандық, мықты денсаулық тілейміз.
Мерекелік тілекпен, № 9 мектеп - гимназия ұжымы






