Бүгін Н.Илясов атындағы #9 мектеп гимназияда 8-НАУРЫЗ халықаралық әйелдер мерекесіне орай " БАР ИГІЛІК БІР ӨЗІҢНЕН БАСТАЛАДЫ" тақырыбында ұжымдағы ардақты аналар мен аяулы қыз келіншектерді құттықтауға арналған мерекелік шара өтті.
Ер азаматтар көктемнің арайлап атқан таңынан бастап мектеп ішінде мерекелік көңіл күй орнатуға атсалысты. Білім шаңырағына таңертең асығып келген жаратылыстың сұлуларына кіре берістен ақ құрмет көрсетіліп, гүл ұсынып, көңіл күйлерін көтерді.
Түстен кейін іс шара жалғасын тауып мерекелік концертке ұласты. Ардақты асыл жандарды мектеп гимназия директоры Б.А.Абиев құттықтап сөз сөйледі.
Ұжымдағы ерлер қауымы ӘЙЕЛГЕ деген құрметтерін әнмен, жырмен жалғастырды, қойылымдар мен монологтар оқылып көңіл күйлерін көтерді.
Барлық ізгі тілектер мен қошеметке бөленген АРДАҚТЫЛАР МЕН АСЫЛ ЖАНДАР да ризашылықтарын білдірді.
Мерекелеріңіз тағы құтты болсын!
ӘЛЕМ СІЗДЕРМЕН ӘДЕМІ!
???????????????????
https://9sh-gimnziya-edu.testim.kz/kz/zhanaly-tar/107-b-gin-n-ilyasov-atynda-y-9-mektep-gimnaziyada-8-nauryz-khaly-araly-jelder-merekesine-oraj-bar-igilik-bir-zi-nen-bastalady-ta-yrybynda-zhymda-y-arda-ty-analar-men-ayauly-yz-kelinshekterdi-tty-tau-a-arnal-an-merekelik-shara-tti.html#sigFreeIdd4f0d5f681
View the embedded image gallery online at:






