"Ағылшын тілі апталығы" аясындағы сайыс сабақ — 5-сынып оқушыларының тілдік шеберлігі мен достық қасиеттерінің көрінісі!
11 қараша 2025 жылы Н.Ильясов атындағы №9 мектеп-гимназиясында ағылшын тілі апталығы аясында 5-сыныптар арасында “Qualities of a Friend” тақырыбында сайыс сабақ өтті.
Сабаққа 5 “Ә”, 5 “Б”, 5 “Д” сыныптарынан құралған командалар қатысты.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың ағылшын тілінде сөйлеу, тыңдау, түсіну және өз ойын еркін жеткізу дағдыларын дамыту, достық пен ынтымақ құндылықтарын дәріптеу.
Міндеттері:
Оқушылардың сөздік қорын кеңейту;
Топта бірлесіп жұмыс істеу мәдениетін қалыптастыру;
Шет тілін үйренуге деген қызығушылығын арттыру;
Жасанды интеллект элементтерін қолдана отырып заманауи білім беру әдістерін көрсету.
Сабақта түрлі интерактивті әдіс-тәсілдер қолданылып, жасанды интеллект құралдары да тиімді пайдаланылды.
Оқушылар ерекше белсенділік танытып, сайыс мазмұнды әрі қызықты өтті. Балалардың шет тілін меңгеру деңгейі мен шығармашылық қабілеттері қуантты! 
Сабақты ағылшын тілі пәні мұғалімдері Нуржанова Гүлнұр, Жонеубаева Зияш, Дарменбаева Қарлығаш жоғары деңгейде ұйымдастырып өткізді.