Бүгін сағат 12:00 - де мектеп-гимназиямызда 11 - сынып жетекшілері және пән мұғалімдерінің қатысуымен ҰБТ - ға дайындық барысын талқылау мақсатында жиын өтті.
Кездесудің мақсаты:
Қаңтар айында өткен ҰБТ нәтижелерін саралау;
"Алтын белгі" және "Үздік аттестат" үміткерлерінің білім деңгейін талдау;
Төмен балл алған оқушылармен жүргізіліп жатқан жұмыстарды пысықтау;
Алдағы ҰБТ - ға дайындықты жүйелеу және тиімді әдістерді қарастыру.
Кездесуге мектеп-гимназия директоры Бекзат Сағындықұлы қатысып, бітіруші түлектердің дайындық деңгейін бақылап, мұғалімдерге оқу үдерісін жетілдіру бойынша нақты тапсырмалар берді.
Төмен нәтиже көрсеткен пәндер бойынша арнайы жұмыс жоспары құрылып, қосымша сабақтар мен жеке дайындық шаралары белгіленді.
ҰБТ – оқушыларымыздың болашағына үлкен қадам! Сондықтан әрбір ұстаз, сынып жетекші және ата-ана бітіруші түлектерге барынша қолдау көрсетуге дайын.