«Тіл- ұлттың жаны, әдебиет-рухтың анасы» тақырыбындағы апталыққа арнайы шақырылған қонағымыз, А.Байтұрсынов атындағы №211 мектеп директордың бейінді оқыту ісі жөніндегі орынбасары, сонымен қатар қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Абасилова Айман Жақанқызымен кездесу болып өтті. Айман Жақанқызы «Авторлық бағдарлама» жасау барысында қалалық, облыс және республикалық сайысқа қатысып, жеңімпаз болып оралды. Кездесуде өз тәжірибесін ортаға салып, педагогтармен тәжірибе алмасып, жетістікке жету жолдарын кеңінен насихаттады.
Жастардың бойына ұлттық сананы қалыптастырып, білімге деген ізденісті, ғылымилықты арттырудың жолдарын түсіндірді. Ғылыми және зерттеу жұмыстарына қызығушылық танытатын педагогтерге өзінің жұмыстарымен бөлісті. Зерттеу жұмыстарына арналған тақырыптарды таңдау, жұмыс жоспарларының орындалуын қадағалау өте қатты жауапкершілікті қажет екендігін айтты.Авторлық бағдарламаларды құрастыру бойынша көптеген сұрақ-жауаптар орын алып, Айман Жақанқызына мектебіміздің ұстаздары қошеметін білдірді.
https://9sh-gimnziya-edu.testim.kz/kz/m-alimderdi-zhetistikteri/476-na-i-ilyasov-atynda-y-9-mektep-gimnaziyasynda-11-a-pan-k-ni.html#sigFreeId3fb24cf801






