Қаржылық сауаттылық – болашақ кепілі Нағи Ильясов атындағы 9 мектеп-гимназиясында 10–11 сынып оқушыларының қатысуымен қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған танымдық іс-шара өтті. Оқушылар заманауи «Қаржы сақшысы» интерактивті компьютерлік ойыны арқылы өз білімдерін жетілдірді. Ойын барысында қатысушылар: қаржылық шешімдерді дұрыс қабылдауды; интернет және телефон алаяқтарынан сақтану жолдарын; жеке деректерді қорғау, киберқауіпсіздік ережелерін сақтауды; күнделікті өмірде қаржыны тиімді басқару дағдыларын меңгерді. Сонымен қатар, жоғары технологиялар дәуірінде қаржылық сауаттылықтың маңыздылығы, қаржы құралдарын дұрыс пайдалану, жауапты тұтыну және қауіпсіз мінез-құлық қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Ойын оқушылардың логикалық ойлауын, жауапкершілігін арттырып, өмірлік маңызды дағдыларды дамытуға ықпал етті. Ойын соңында қатысқан барлық оқушыларға арнайы сертификаттар берілді. Бұл жоба оқушылардың қаржылық мәдениетін қалыптастыруға және болашақта саналы шешім қабылдай алатын тұлға болып қалыптасуына үлкен үлес қосты.
https://9sh-gimnziya-edu.testim.kz/kz/zhanaly-tar/682-arzhyly-sauattyly-bolasha-kepili.html#sigFreeIddd3d7020e2






