10 - 11 сынып оқушыларымен мазмұнды кездесу өтті
Нағи Ильясов атындағы №9 мектеп - гимназиясында Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ақпараттық - түсіндіру тобының мүшелерімен маңызды кездесу өтті.
Шараға «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Омаров Даулет Кәрібайұлы және «Қоғамдық келісім» КММ аға сарапшысы Үсенбаев Бауыржан Серікұлы қатысып, жасөспірімдерге қоғамдағы өзекті мәселелер жөнінде мазмұнды ақпарат берді.
Кездесу барысында:
*құқықбұзушылықтың алдын алу, оның жасөспірім өміріне әсері;
*лудоманияның зияны, құмар ойындарға тәуелділіктің болашаққа қауіптілігі;
*жасөспірімнің болашағын жоспарлау, өзін - өзі дамыту жолдары;
*этносаралық татулық, қоғамдық келісімнің рөлі;
*қазақстандық бірегейлік пен толеранттылық мәдениеті;
*жастардың қоғамдағы орны және олардың адал азамат болып қалыптасуындағы жауапкершілік сияқты маңызды тақырыптар жан - жақты түсіндірілді.
Сонымен бірге мамандар оқушыларға психологиялық қолдау көрсетіп, өмірде дұрыс таңдау жасаудың, өз - өзіне сенудің, елге пайдалы, әділ және адал азамат болудың маңызына тоқталды.
Оқушылар өз сауалдарын қойып, пікір алмасып, тарихи деректермен байланыстырылған маңызды ақпарат алды.
Мұндай кездесулер жас ұрпақтың азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға, адалдық пен әділдік құндылықтарын бағалауға, қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті нығайтуға үлкен үлес қосады.