Кездесудің құрметті қонағы – қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, жерлесіміз Сәлімгереев Нұрым Сәлімгерейұлы.

Іс-шара барысында Нұрым Сәлімгерейұлы өзінің өмір жолы, білім мен спорттағы жетістіктері туралы жан-жақты баяндап, оқушыларға пайдалы кеңестерімен бөлісті.

Кездесу барысында спикер оқушыларға табандылық, мақсатқа жету жолындағы еңбек пен білімнің маңызын ерекше атап өтті. Шараның мақсаты – жасөспірімдерге үлгі болатын тұлғалар арқылы оларды білімге, салауатты өмір салтына, ұлттық рухта тәрбиелеу.

Іс-шара оқушылардың бойында жігер мен сенім қалыптастырып, болашаққа дұрыс бағдар беруге ықпал етті.