4 желтоқсан күні Нағи Ильясов атындағы №9 мектеп-гимназиясында PISA 2025 халықаралық зерттеуі өткізілді. Тестілеу алдында мектеп-гимназия директоры Ибраев Бекзат Сағындықұлы оқушыларға сәттілік тілеп, ынталандыру сөзін айтты.

Зерттеудің мақсаттары:

  • ғылыми сауаттылықты дамыту;

  • табиғи құбылыстарды түсіндіру дағдыларын қалыптастыру;

  • ғылыми негізделген шешім қабылдау қабілетін арттыру

  • экологиялық және әлеуметтік жауапкершілікті нығайту.