PISA 2025 халықаралық зерттеуіне дайындық басталды!
Нағи Ильясов атындағы №9 мектеп-гимназиясында PISA 2025 зерттеуіне қатысатын оқушылармен жүйелі жұмыс жүргізілуде.
PISA 2025 жаратылыстану ғылымдары тұжырымдамасы білім алушылардың ғылымға қатысты сұрақтарды түсіну, зерттеу, алынған деректерді талдау және дәлелді шешім қабылдау қабілеттерін бағалауға бағытталған. Бұл-21 ғасырда ғылым мен технологияның қарқынды дамуына бейімделу үшін аса маңызды құзыреттер.
Жаратылыстану бағытындағы негізгі мақсаттар:
• ғылыми сауаттылықты дамыту;
• табиғи құбылыстарды түсіндіру дағдыларын қалыптастыру;
• ғылыми негізделген шешім қабылдау мүмкіндігін арттыру;
• экологиялық және әлеуметтік жауапкершілікті нығайту.
PISA 2025 зерттеуі әлем елдерінің оқушыларды жаратылыстану ғылымдарын меңгеруге қаншалықты жақсы дайындайтынын көрсетеді. Бұл денсаулық, экология, технология сияқты өмірлік маңызды мәселелерде саналы шешім қабылдай алатын болашақ азаматтарды қалыптастыруға ықпал етеді.
Біздің мектепте PISA-ға қатысатын оқушылармен жүйелі дайындық жұмыстары, оқу жаттығулары, тақырыптық талдаулар жүргізілуде. Сонымен қатар, оқушылардың сенімділігін арттыру мақсатында психологиялық қолдау көрсетіліп жатыр.
Жаратылыстану ғылымдарын терең меңгерген, жан-жақты дамыған, заманауи ұрпақты тәрбиелеу-біздің басты мақсатымыз.