ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Бүгін Нағи Ильясов атындағы №9 мектеп-гимназиясында республикалық «Алтын сақа» математикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңінің қатысушылары мен жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті!

Марапаттау рәсімін мектеп-гимназия директоры Ибраев Бекзат Сағындықұлы ашып, жас математиктерді шын жүректен құттықтады. Ол өз сөзінде білім бәйгесіне қатысқан әр оқушыны жеңімпаз деп қабылдайтынын айтып, алдағы уақыттада табыс пен жаңа жетістіктер тіледі.

Олимпиаданың мектепішілік кезеңіне 5–6 сыныптардан 45 оқушы қатысты.

Барлық қатысушыларға белсенділігі мен ізденісі үшін алғыс білдіреміз!

ІІІ дәрежелі диплом иегерлері:

  • 5 «Б» сынып – Маратбек Әділжан

  • 6 «А» сынып – Қалжанова Нұржайна

  • 6 «Д» сынып – Мейрамхан Жанель

ІІ дәрежелі диплом иегерлері:

  • 5 «Б» сынып – Пак Ярослав

  • 6 «А» сынып – Күзембай Арсен

  • 6 «Б» сынып – Жақсылық Айжұлдыз

  • 6 «Д» сынып – Азизқызы Данара

І дәрежелі диплом иегерлері:

  • 5 «А» сынып – Дармен Гүлнафиса

  • 5 «Б» сынып – Жұмажан Жәрімбет

  • 6 «А» сынып – Жаңаберген Қарлығаш

  • 6 «Д» сынып – Амангелді Айару

  • 6 «Е» сынып – Даниярқызы Айя

Барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!

Жетістіктеріңіз көбейіп, білім шыңдарын бағындыра беріңіздер!

#АлтынСақа #МектепГимназия9 #ДарындыОқушылар #БілімБәйгесі #Құттықтаймыз
#9mektep
#bilimkzo