25 қазан — Республика күні мерекесі аясында жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында Тоғызқұмалақ спорт түрінен жарыс өтті.

Бұл сайыста Нағи Ильясов атындағы №9 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып оқушылары тамаша нәтижеге қол жеткізді:

Закиров Рамазан, 4 «Г» сынып оқушысы — I орын иегері;

Күзембай Аяжан, 4 «А» сынып оқушысы — «Ең үздік ойыншы» номинациясының иегері атанды!

Оқушыларымызды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!

Жетістіктеріңіз жалғаса берсін, білім мен спортта биіктерді бағындыра беріңіздер! 

#РеспубликаКүні #Тоғызқұмалақ #Жеңіс #НағиИльясовМектепГимназиясы #БастауышЖетістігі