Бүгін Нағи Ильясов атындағы №9 мектеп-гимназиясында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында тал егу және аумақты тазалау жұмыстары ұйымдастырылды.
Шараның ашылуында мектеп-гимназия директоры Ибраев Бекзат Сағындықұлы сөз сөйлеп, табиғатты қорғау мен мектеп ауласын көгалдандырудың маңыздылығына тоқталды.
Акция барысында ұстаздар мен қызметкерлер мектеп ауласын тазалап, ағаш көшеттерін отырғызуға белсене атсалысты.
Сонымен қатар, шара соңында қатысушылар дәстүрлі бауырсақ пен ағарғаннан дәм татып, көтеріңкі көңіл күйде күні бойғы еңбектің қуанышын бөлісті.
Мұндай іс-шаралар экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және ұжымдық бірлікті нығайтуға зор үлес қосады!
https://9sh-gimnziya-edu.testim.kz/kz/zhanaly-tar/614-taza-aza-stan-ekologiyaly-aktsiyasy-ayasynda-tal-egu-zh-ne-tazaly-sharasy-tti.html#sigFreeIdb870eb2d3c






