Қазақстан Республикасы күніне орай тарих пәні бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізілген бұл сайыс оқушылардың білімін, логикалық ойлау қабілетін және жылдам шешім қабылдау дағдыларын сынаған қызықты да мазмұнды шара болды.

Қатысушылар өз білімдерін ортаға салып, белсенділік танытты. Сайысқа әрбір бірлестіктен ұстаздар қатысып, шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанына ризашылықтарын білдіріп, осындай танымдық іс-шаралар жиі өткізіліп тұрса деген тілектерін айтты.

Осындай білім мен ой-өрісті ұштастыратын іс-шаралар оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға үлкен үлес қосатыны сөзсіз.