Бүгін – болашаққа бағыт беретін маңызды күн!
20 қазан күні Н.Ильясов атындағы №9 мектеп-гимназиясында бітіруші 11-сынып оқушыларымен кәсіби бағдар беру бағытында мазмұнды кездесу өтті.
Кездесуді мектеп-гимназия директоры Ибраев Бекзат Сағындықұлы ашып, түлектерге алдағы Ұлттық бірыңғай тестілеу, мамандық таңдау және білім жолындағы жауапты кезеңдеріне сәттілік тіледі.
Іс-шараға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің “Рекрутинг және мансап” бөлімінің әдіскері Арыстанбек Абай Русланұлы қатысып, 2025 жылғы ҰБТ аналитикасы, гранттардың бөлінісі, және университеттегі білім беру бағыттары туралы кең көлемді ақпарат берді.
* 2024-2025 оқу жылы түлектерінің 38-і мемлекеттік грант иегері атанды;
* 3 оқушы шетелдік оқу орындарынан грант жеңіп алды;
* «Алтын белгі» және «Үздік аттестат» иегерлері білім бәйгесінде жоғары нәтиже көрсетіп, 100 баллдан жоғары жинады;
* Мектеп түлектерінің 100%-ы жоғары және арнаулы оқу орындарында өздері таңдаған мамандықтары бойынша білім алуда.
Бұл — бірлескен еңбектің, кәсіби бағыттағы жүйелі жұмыстың айқын нәтижесі!
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің “Рекрутинг және мансап” бөлімінің ұжымына мектеп атынан шынайы алғыс білдіреміз!
Түлектерімізге дұрыс бағыт көрсетіп, келешек мамандардың сапалы дайындалуына үлес қосып жүрген еңбектеріңіз жемісті болсын!
#№9мектепгимназия
View the embedded image gallery online at:
https://9sh-gimnziya-edu.testim.kz/kz/zhanaly-tar/602-b-gin-bolasha-a-ba-yt-beretin-ma-yzdy-k-n.html#sigFreeIdeaddbff23a
https://9sh-gimnziya-edu.testim.kz/kz/zhanaly-tar/602-b-gin-bolasha-a-ba-yt-beretin-ma-yzdy-k-n.html#sigFreeIdeaddbff23a






