2025жылдың 17 қазан күні Нағи Ильясов атындағы
№ 9 мектеп-гимназиясының
2-7 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалары ХХI "Зерде" республикалық конкурсының мектепішілік кезеңі өтті.
Мақсаты: Балалардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, интелектуалдық- шығармашылық әлеуетін ынталандыру.
Зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаға
11 оқушы қатысып, 11 жоба ұсынылды. Оның 10-ы жүлделі орындарға ие болды.
I Дәрежелі-5 оқушы,
ІІ Дәрежелі -2оқушы,
ІІІ Дәрежелі орынға-
3 оқушы иеленді.
Нәтижесінде қалалық кезіңге "Үй жағдайында микрозеленьді өсіру" тақырыбында 2 "Ә" сынып оқушысы Жұмабек Сырым, "Математиканы үйренуге арналған қосымшалар: олар қалай жұмыс істейді?" тақырыбында 3"А"сынып оқушысы Ахметова Адлия, "Органикалық қалдық қондырғысы арқылы электр энергиясын өндіру" тақырыбында
4 "А" сынып оқушысы Балмағанбет Ерназар,
"Сыр бойындағы қазақ ою-өрнектерінде жасырынған математика" тақырыбында
4 "Б" сынып оқушысы Күзембай Аяжан, "Математические хитрости" тақырыбында
4 "Г" сынып оқушысы Альжанбаев Алдиярдың ғылыми зерттеу жұмыстары топтың ішінен озып шығып, қалалық кезеңге өтті.
Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Палмаганбетова Гүлшат Кенжетайқызы оқушыларға сәттілік тілеп, жетістікпен
келулеріне және жетекшілеріне алғысын білдірді.