Мектебіміздің арнайы педагогы Сарыбаева Әйгерім 14.10.2025 жылы арнайы сыныпта жаңа технологиялық құрал-жабдықтарды пайдаланып, топтық түзету-дамыту сабағын өткізді. Сабақты №1 ПМПК мекемесінің дефектолог маманы бақылап, оқушылардың белсенділігімен қызығушылығына оң бағасын беріп кетті.

 

Сабақ барысында оқушылар әртүрлі геометриялық фигураларды танып, ажыратып, олардан бейнелер құрастыру арқылы өз ойларын суреттеу арқылы жеткізді.

 

Сабақ барысында оқушылардың ойлау, зейін, есте сақтау қабілеттері мен ұсақ қол моторикасы дамытуға жаттығулар жасалынды.

 

Сабақ ойын түрінде өтіп, оқушылар белсенділік пен қызығушылық танытты.