Отбасы — қоғамның алтын діңгегі, ал спорт — бірліктің, сергектіктің және достықтың бастауы.
Осы мақсатта «Сыр лигасы» жобасы аясында Нағи Ильясов атындағы №9 мектеп-гимназиясында ата-аналар арасында отбасылық волейболдан мектепішілік сайыс ұйымдастырылды.
-Шараның негізгі мақсаты — ата-аналар мен мектеп-гимназия арасындағы серіктестік қарым-қатынасты нығайту,
-салауатты өмір салтын дәріптеу,
-отбасылық құндылықтарды ұлықтау және
-спорт арқылы бірлікті арттыру болды.
Сайыс барысында командалар өзара күш сынасып, ұйымшылдық пен шеберліктің, татулық пен ынтымақтың үлгісін көрсетті. Әр команда жеңіске деген жігер мен отбасылық рухтың нағыз көрінісін байқатты.
Нәтижесінде:
- І орын — «Алғабас» командасы
- ІІ орын — «Прайд» командасы
- ІІІ орын — «Старс» командасы
- IV орын — «Жастар» командасы
Барлық қатысушыларға белсенділік танытып, спорттық рух пен командалық ынтымақтастық көрсеткендері үшін үлкен алғыс білдіреміз!
Мұндай отбасылық шаралар — мектеп пен ата-ана арасындағы сенім мен сыйластықты арттырып, оқушыларға үлгі боларлық дәстүрге айналатыны анық.
Осындай игі бастамалар әлі де өз жалғасын таба берсін!
Бірлік бар жерде — береке бар!
https://9sh-gimnziya-edu.testim.kz/kz/zhanaly-tar/593-otbasyly-volejbol-birlik-pen-seriktestikti-belgisi.html#sigFreeId2d41bceedf






