9 қазан күні Нағи Ильясов атындағы №9 мектеп-гимназиясында маңызды кездесу өтті. Іс-шараға Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Байхожаев Берікбол Ұзақұлы және Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің жанындағы “Еркіндік рухы” жастар құқықтары жөніндегі комиссиясының мүшесі Байхадам АлиИслам Вадимұлы арнайы келіп, оқушылармен адам және бала құқықтары, заң алдындағы жауапкершілік, қоғамдағы құқықтық мәдениетті қалыптастыру тақырыптарында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында өкілдер адам құқықтарын қорғаудың маңыздылығын, әр азаматтың өз құқықтарын білу және оларды заң аясында пайдалану қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, оқушыларға өмірлік жағдайларда өз құқықтарын қорғау жолдары мен құқықтық сауаттылықтың артықшылықтары жөнінде кеңес берілді.

Оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасу түрінде өтті. Мұндай іс-шаралар жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін арттырып, қоғамда белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыруға ықпал етеді.